Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушев Мемлекет басшысын туған күнімен және қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан менің туған Отаным. Өткен жылы Астананың 10 жылдық мерейтойына келе алмадым. Ал биыл сәті түсіп отыр. Әрине, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты бүгінгі туған күнімен құттықтағым келеді. Оған ұзақ ғұмыр тілеймін. Қазақстанға сіңірген еңбегі осындай ұшан-теңіз ғажайып жанның болашақта болу-болмауы екіталай», -, деп атап өтті Кеңес Одағының Батыры журналистерге берген сұхбатында.
«Мен Астанада жиі боламын. Астананың бүгінгі келбеті Орталық Азиядағы көрікті қалалардың қай-қайсымен де бәсекелесе алады. Әрине, Дубайды қуып жету қиындау болар, дегенмен тырысу керек», - деп атап өтті Р.Аушев.