Кеңес Рақышев «Қазақстан инжиниринг» компаниясының тәуелсіз директоры болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеңес Рақышев «Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның тәуелсіз директоры болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

«Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері болып тәуелсіз директор Байсейітов Бақытбек Рымбекұлы, Махат Рашит, Рақышев Кеңес Хамитұлы сайланды. Олардың өкілеттіктерінің мерзімдері компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімімен айқындалды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің, тәуелсіз директорлар Қазеев Евгений Иванович, Әубәкіров Қаныш Қайдарұлының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің 2014 жылғы 13 наурыздағы бұйрығына сәйкес енгізілді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сенімгерлік басқаруында. Компания 2006 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» компаниясының тобына кірген.

Соңғы жаңалықтар