Кеңес заманында ІЖӨ жан басына шаққанда Қазақстанда ең төменгі деңгейде болды - Қ. Келімбетов
АТЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз өз жетістігімізге қуана білуіміз керек. Бүгін Алматыда өткен "Қазақстандағы шетелдік инвестициялар: тәжірибе, міндет және келешек" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов осындай пікір білдірді.
"Кеңес заманында Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда Қазақстанда ең төменгі деңгейде болды. Тәуелсіздік жылдары ол 70-тен 10 мың АҚШ долларына дейін жетті. Қазір Үкімет Елбасы тапсырмасымен 2015 жылы ІЖӨ-нің көлемін жан басына шаққанда 15 мың долларға жеткізу үшін жұмыс жасауда", - дейді Қ. Келімбетов.
Оның пайымдауынша, Қазақстан қазір ТМД елдері арасында барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Ресейден кейін екінші орында келе жатыр. ТМД елдерінде дағдарысқа дейін ешбір елде мұндай өсім болған жоқ. Сондай-ақ дағдарыстан да біз сияқты жылдам шыға алмады. Былтыр өсім 7 пайызды құрады, ол биыл да осы деңгейде болады деп болжануда.