Кеңесте әскери бөлімдер мен мекемелердегі қару-жарақтың сақталу мәселелері талқыланды

ТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Шығыс өңірі әскери прокурорының басшылығымен Семей горнизоны басқару және қылмыстық айыптау әскери органдарының басшыларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес болып өтті.

Кеңесте әскери бөлімдер мен мекемелердегі қару-жарақтың сақталу мәселелері талқыланды

Онда әскери бөлімдерде, мекемелерде қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің сақталуы, зымыран-артилерриялық қару-жарақтардың бірлескен қоймаларын күзету, қойма нысандарын қажетті өртке қарсы жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыға салынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Кеңес барысында әскери бөлімдер командирлері мен мекеме басшыларына жарылғыш заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұтымды іс-шараларды қабылдау туралы ұсынымдар жасалды. Сонымен қатар, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жоғалу мен ұрлану фактілерінің алдын алуға қатысты жеке құрам арасындағы жұмысты белсендіре түсу мәселелері сөз болды. Ведомствоаралық кеңестің шешіміне сәйкес, тұрақты түрде қызмет ететін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылатын болды. Аталған топ қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сақтау нысандарының жинақылығы мен қауіпсіздігін тиісті дәрежеде қамтылуын бақылауды жүзеге асырады», - делінген баспасөз айғағында.