Кенеттен мерт болған пара таеквондошы Нышан Өмірәлінің отбасына төлемақы берілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Марқұм Нышан Өмірәлі өткен жылы Парижде пара таеквондодан ел намысын қорғаған еді.

Кенеттен мерт болған пара таеквондошы Нышан Өмірәлінің отбасына төлемақы берілуі мүмкін
Фото: gov.kz

— Бас тартқан жоқ (төлемақы- автор). Біз бұл мәселені қарастырамыз, сұрақ әлі шешілген жоқ- деп қысқа қайырды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Айта кетсек, Нышан Өмірәлі пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу, 2014, Лондон, 2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), сондай-ақ екі дүркін Паралимпиада ойындарының қатысушысы.

Еске сала кетейік, жерлесіміз пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлі былтыр күзде қайтыс болды

Ол өткен жылы Париж олимпиадасында пара таеквондодан ширек финалға жолдама алған еді. 

Соңғы жаңалықтар