Кенеттен пайда болған акулалардың кесірінен жағажайлар жабылды - Австралия

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Австралия жағалауларын акулалар қоршауға алды. Мамандар Перт қаласының маңындағы жағалауда жүзден астам акуланың шоғырланғанын байқаған.
None
None

Жергілікті құтқарушылар журналистерге берген сұхбаттарында бірінші рет алып су жыртқыштарын 600 метр биіктікте тікұшақтан байқағандарын айтып, аймаққа төнген қауіп туралы жариялады. Дегенмен мамандар олардың нақты түрін анықтай алмаған. Сондықтан акулалардың қауіпсіз болуын да жоққа шығармайды. Десек те тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Перттегі қоғамдық жағажайларлардың барлығы уақытша жабылды. Жергілікті телеарналар тұрғындарға суға шомылмауды ескертті. Ал қазір тиісті мамандар акулалардың түрін анықтау үшін қажетті шаралар жасап жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы жаңалықтар