Кенгурудің велосипедшінің үстінен секіріп өткені видеоға түсіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда тұратын британдық Питер Джеймс Робертс кенгурудің велосипедшіден асып секіргенін видеоға түсіріп алды. Бұл туралы Daily Mirror басылымы кеше, 30 қаңтар күні хабарлады.
Робертс таныстарымен бірге велосипед серуеніне шыққан. Оның жүксалғышына бекітілген камера қала тұрғыны Аделаид Майкл Бландты түсіріп келе жатқан.
Кенет бұта арасынан қалталы жануар атып шықты және жолдың арғы бетіне қарай велосипедшінің үстінен секіріп өтті. Бланд сәл еңкейіп үлгерді, бірақ қозғалысын тоқтатпады.
Мұндай сирек кездесетін оқиғаны Робертс Facebook желісінде жариялады.