Кения әлемдегі ең үлкен босқындар лагерін жауып тастамақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кения ел аумағында орналасқан босқындар лагерьлерін жауып, олардың ел үшін ауыр экономикалық салмақ түсіріп жатқанына, криминогендік жағдайды айтарлықтай қиындатып отырғанына, сондай-ақ экологиялық проблемалар туындатып отырғанына сендіруде.

Кения әлемдегі ең үлкен босқындар лагерін жауып тастамақшы

Бұл шешім Дадааб - Сомалимен шекарада орналасқан, 300 мыңнан астам адам тұратын әлемдегі ең үлкен лагерьге де қатысты болып отыр, деп жазады Би-би-си.

Егер лагерьлер жабылса, шамамен 600 мың адам панасыз қалады.

Ел билігі сондай-ақ Босқындардың істері бойынша департаментті таратты, деп хабарлайды Франс пресс.

Кения босқындар лагерьлерін 25 жыл асырап отыр, деп еске салды елдің ішкі істер министрлігінің өкілі Каранджа Кибичо.

Дадааб лагерінде негізінен Сомали босқындары тұрып жатыр. Таратылуы тиіс болған Какума лагерінде 190 мыңға жуық адам бар. Бұл негізінен Оңтүстік Суданнан ондағы азаматтық соғыс салдарынан кетуге мәжбүр болған босқындар.