Кения: алты күн үйіндінің астында жатқан әйел аман табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Найробиде тұрғын үй опырылып құлағаннан алты күннен кейін құтқарушылар үйінді астынан тірі әйелді алып шықты, деп жазады Би-би-си.
Алты қабатты үй өткен жұма күні су тасқынына әкеліп соқтырған қатты жауын-шашыннан кейін опырылып құлады.
Ғимарат Кения астанасының негізінен кедей халық тұратын аудандарының бірінде орналасқан.
Кем дегенде 33 адам өлгені расталды, 80-нен астам адам із-түссіз жоғалды. 100-ден астам адам құтқарылды.
Дүйсенбі күні полиция құлаған ғимараттың иелерін қамауға алды, бірақ кейіннен олар кепілдікке босатылды.