Кения президенті Халықаралық қылмыстық сот алдында жауап беруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаагада Кения президенті Ухуру Кениатаға қатысты адамгершілікке қарсы қылмыс жасағаны туралы іс бойынша алдын ала тыңдалымдар басталды, деп хабарлады BBC.

Кения президенті Халықаралық қылмыстық сот алдында жауап беруде

Халықаралық қылмыстық сот прокурорларының нұсқасы бойынша, 2007 жылғы президенттік сайлаудағы жеңілістен кейін Кениата елде зорлық-зомбылық науқанын бастаған. Онда шамамен 1,5 мың адам қаза тапты.

Кениата Кениядағы 2013 жылғы наурызда болған президенттік сайлауда жеңіске жетті. Сондай-ақ ол Халықаралық қылмыстық сот тыңдалымдарына қатысуына байланысты өз өкілеттігін Кенияның вице-президентіне уақытша тапсырғанын жариялаған болатын.