Кенияда алып жылан 68 келілік қорқауды жұтып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияның Масаи-Мара қорығында (ШығысАфрика) төрт метрлік жылан салмағы 68 келі болатын қорқауды тұтас жұтып жіберді. 
None
None

Оқиғаның бейнежазбасын National Geographic жариялады. Бұл бейнероликті голландиялық турист Джос Баккер (Jos Bakker) түсіріп алып, жергілікті зерттеушілерге көрсеткен.

Қорық қызметкері Майк Ковальскидің (Mike Kowalski) айтуынша, жыландар қорқау балаларымен тұрақты түрде қоректенеді, ересек қорқауларды жемейді. Видеоны көрген ғалымдар Африкадағы ең алып жыланның қорқау аталығына шабуыл жасағанын анықтады.

Өзінің агрессияшылдығымен ерекшеленетін иероглифтік (жартас) жыландардың ұзындығы 6 метрден, ал салмағы 90 келіден асуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар