Кенияда автобус апаты салдарынан 41 адам опат болды
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Кения астанасы Найробидің батысында 140 шақырым жерде автобустың апаты салдарынан 41 адам опат болды.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, 27 адам көптеген жарақат алған көрінеді. Автобус Найробиден Виктория өзеніне бағат алған. Полиция мәліметіне қарағанда, жолдан шығып кеткен автобус шамадан тыс жолаушылар отырғызып, оның жылдамдығы жоғары болуы мүмкін.
Биыл бұл елдің жолдарында 2 мыңнан астам адам қаза болды.