Кенияда автобус жолдан шығып кетіп, 11 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияның батысында Кисуму округінде бейсенбі күні таңертең қала маңына қатынайтын шағын автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетті.
Салдарынан 11 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.
Өңірлік жол полициясының бастығы Эндрю Найбей сағат 7.00-де апат салдарынан 11 адам қаза тапқанын мәлімдеді.
Найбей ауыр жарақат алғандардың ауруханаға жеткізілгенін атап өтті.
Ол автобус Мигори округінен Кисуму қаласына бара жатқан жолда жылдамдықты шектен тыс асырған деген пікірде.