Кенияда бөгет бұзылып, 40-тан астам адам қаза тапты

Кения
Фото: ria.ru

АСТАНА. KAZINFORM – Кенияда толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан бөгет бұзылып, 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.

Елдің Камучири кентінде бөгет бұзылғаннан кейін үйлер қирап, жолдар жабылды. 

«Қырық екі адам қайтыс болды, бұл - алдын ала мәлімет қана. Лай қабатының астында адамдар әлі бар», — деді Накуру округінің губернаторы Сьюзен Кихика. 

Құтқару топтары ел астанасы Найробиден 60 шақырым жерде орналасқан Май-Махиу қаласы маңындағы кентте аман қалғандарды іздеу үшін балшықтан өтіп жатыр, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Соңғы бір айда Кенияда су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum