Кенияда еуропалық туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM — Кенияда туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Euronews.
Mombasa Air Safari-дің хабарлауынша, бортта 11 адам — кениялық ұшқыш, 8 Венгрия азаматы және екі неміс жолаушы болған. Олардың барлығы апат кезінде көз жұмды.
Биліктің хабарлауынша, Масаи Мара ұлттық қорығына бара жатқан ұшақ Диани қаласындағы әуе жолағынан 40 шақырымдай жерде таулы, орманды аумаққа құлаған.
Құқық қорғау органдары апаттың себебін анықтап жатыр. Апат кезінде қатты жаңбыр жауған. Куәгерлер қатты жарылыс дыбысын естігенін айтты. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Mombasa Air Safari қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, тергеуге атсалысатынын атап өтті.
Масаи-Мара қорығы — Кенияның ең танымал туристік бағыттарының бірі. Ол шамамен 1510 шаршы шақырым аумақты алып жатыр.
Осыған дейін Техастағы әуежай маңында ұшақ апатқа ұшыраған болатын.