Кенияда полицей Сиакаго қаласындағы барларда 10 адамды атып тастады, оның себептері әзірге анықталған жоқ

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Сиакаго қаласының бірнеше барын қанға бөктірген кениялық полицей сенбі күні құрықталды,

Кенияда полицей Сиакаго қаласындағы барларда 10 адамды атып тастады, оның себептері әзірге анықталған жоқ

оның қылмысқа не үшін барғаны әзірге белгісіз. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.

Әзірше белгілі болып отырғаны, сенбі күні кешқұрым 40 жастағы полицей өзінің көңілдесін іздеуге шыққан, бірақ таба алмайды. Содан кейін ол әлі анықталмаған себептерге байланысты екі барда бір-бірден адамды атып тастап, үшінші сыраханада 8 адамды қанға бөктірді.

Сиакаго қаласы Кенияның астанасы Найробиден 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта жергілікті полиция қанды қырғынның себеп-салдарын анықтау үстінде.