Кенияда Венесуэла елшісі қылқындырылып өлтірілді

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Әйелдің денесі Рунданың белді ауданында орналасқан ғимараттан табылды. Ол өзінің төсегінде қылқындырылып өлтірілген. Бұл туралы журналистерге полиция басшысы Найроби Энтони Кибучи мәлім етті, деп жазады РБК.
Қылмыскер дабыл бергіш дуалдармен қоршалған ғимаратқа қалай енгендігі әзірше белгісіз.
Белгілісі, О.Фонсека Кенияға таяуда, 15 шілде күні келді. Қызметіне тағайындалысымен ол жергілікті БАҚ-қа жаңа елшінің әрекеттеріне шағымданып, барлық қызмет етушілерді жұмыстарынан шығарды.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындардан құралған елшіліктің әйел қызметшілері бұған дейін, бұрынғы елші Херарто да Силва оларды жыныстық қатынасқа көндірмекке әрекеттенгендігіне шағымданған болатын. О.Фонсека әйелдерге дипломатты балағаттағандықтарын айтқызуға талпынды, олар бұны айтудан бас тартқаннан кейін жұмыстарынан қуылды.
Венесуэла елшілігінің өкілдері түсініктеме беруден әзірше бас тартып отыр.