Кениядағы жол апатының салдарынан 35 адам мерт болып, 50-ден астамы зардап шекті
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Кенияның солтүстік шығысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.
Соның салдарынан 35 адам көз жұмып, 50-ден астамы зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Автобустың ішінде негізінен жергілікті жоғары оқу орындарының бірінің студенттері болған. Олар 4 наурыз күні республика президентінің сайлауына қатысу үшін туған қалаларына бара жатқан.