11:04, 10 Қараша 2012 | GMT +5
Кениялық әйел жаңа туған егіздеріне Обама және Ромни есімдерін берді
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Кенияның 20 жастағы тұрғыны Миллисент Овуор
өзінің жаңа туылған ұлдарының есімдерін президенттікке үміткер америкалық кандидаттар Обама мен Ромнидің құрметіне атады, деп жазды Утро. ру.
Әйел АҚШ-та президенттік сайлау өткен - 6 қараша күні егіз босанды. Ол Барак Обаманың әкесі дүниеге келген ауылдың маңында орналасқан ауруханада босанған. Басылым әйел шақалақтарына неліктен мұндай есімдерді бергендігін анықтамады.