Кениялық Беатрис Чепкоеч 5 км-ге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

МОНАКО. ҚазАқпарат – Кениялық Беатрис Чепкоеч 5 шақырымға жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Спортшы бұл жетістікке Монакодағы жарыста қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Кениялық Беатрис Чепкоеч 5 км-ге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

Кениялық желаяқ мәре сызығын 14 минут 43 секундта қиды. Бұл – нидерландылық Сифан Хассанға тиесілі бұрынғы әлемдік рекордтан бір секундқа жақсы көрсеткіш.

Беатрис Чепкоеч 29 жаста. Ол кедергілер арқылы 3 мың метрге жүгіруден қазіргі әлем чемпионы. Бұл спорт түрінен ол әлемдік жетістікке ие – 8.44,32.