«Кеңқияқ-Атырау» құбыры арқылы мұнай айдауды 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы өңірдің мұнай нысандарымен танысуы барысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның батыстық филиалының бас директоры Жеңісбек Лұқпанов хабарлады.
«Мұнайды қайта айдау стансасын жөндеу, кеңейту «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын кезең-кезеңмен кеңейту жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылады. Жоба Атыраудан батысқазақстандық мұнайды ішкі нарыққа жеткізуді де, Қытайға экспорттауды да қамтамасыз ету үшін «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын кері бағыттауды көздейді.
Қолданыстағы стансаны кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаске Атырау МӨЗ дейін мұнайды қайта айдауға арналған «МҚС 663 км» аралық станса аумағының бөлігі болып табылады. Стансаны қайта жөндеу мұнайды қайта айдауды «Кеңқияқ-Атырау» магистралдық мұнай құбыры мен «МҚС 663 км» - АТӨЗ - екі мұнай құбыры бойынша осы станса арқылы мұнай айдауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
Стансаны кеңейту «Кеңқияқ-Атырау» магистралдық құбыры бойынша мұнай айдаудың жиынтық көлемін жылына 4 млн тоннадан жылына 12,0 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Ж. Лұқпанов.