Кеннедиді өлтірген адамның жүзігі 118 мың долларға сатылды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Американдық президент Джон Кеннедиді өлтірді деген күдікті Ли Харви Освальдтың әйеліне сыйлаған жүзігі 118 мың долларға сатылды.

Кеннедиді өлтірген адамның жүзігі 118 мың долларға сатылды

Оны Техастық коллекция жиюшы алды.

RR Auction бәссауда үйінің вице-президенті Бобби Ливингстон, «жүзіктің КСРО-да жасалғанына күмән жоқ. Онда жұлдыз бейнесінде ресми мемлекеттік таңбасы бар»,-деген пікір білдірді.

Лингвингстон алтын жүзіктің Минскінің зергерлік дүкендерінен сатып алынғанын айтты.