Кеннедидің соғыстан кейінгі күнделігі 718 мың долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың RR Auction аукционында АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің соғыстан кейінгі Еуропаға барған сапары жайлы күнделігі 718 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
61 беттік құжаттың ендігі иесі Кеннедиге байланысты заттарға әуес коллекционер Джозеф Олсоп (Joseph Alsop) болды. 1960-жылдары 16 жасар Олсоп ағасының үйінде Кеннедимен кездескен.
"Менің ойымша, бұл Кеннедидің тұлға ретінде қалыптасуына арналған тамаша дүние. Ол өте жас кезде әлемдік оқиғаларды ұғынудың жоғары деңгейін көрсетеді», - деді Олсоп.