Кеңсе қызметкерлерінің арасындағы дау көбіне неден туындайтыны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 600 компания қызметкерлері арасында сауалнама жүргізген HeadHunter кеңседегі дау көбіне ауабаптағыш салдарынан болатынын анықтаған.
Белгілі болғандай, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші қызметкер (49%) әріптестері қойған суық температураның салдарынан ауырғанын айтты, 7% кеңседегі ауа баптағыштың салдарынан үнемі ауыратынын айтты.
Сауалнамаға қатысқандар «климаттық» қолайлылық үшін кейде үлкен дау шығып жататындығын айтуда. Әсіресе мұндай жағдай қызметкерлері көп жерде болады. Респонденттердің 28% температуралық режимге қатысты түрлі көзқарас салдарынан әріптестерімен ұрысуға мәжбүр болған.
Атап өту керек, кеңсе қызметкерлерінің үштен екі бөлігі (66%) температураның жоғары болуынан жұмыс қарқыны бәсеңдейтінін айтты. Алайда, әрбір үшінші адам (33%) ауа температурасы еңбек өнімділігіне әсер етпейтінін жеткізді.
Сарапшылар өзгелердің ыңғайы үшін әріптестерінің үндемей отыруын пайдаланбауға кеңес береді. Өйткені қызметкердің дені сау болмаса ол жұмыс қарқынын бәсеңдетіп қана қоймай, кеңседегі өзге қызметкерлерге де дертін жұқтыруы мүмкін.