Кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады. Тіпті, кейбір өңірлерде бағаның өсуі 50,1 пайызға жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Energyprom.kz порталының мәліметінше, биылғы шілдеде кеңсе тауарлары былтырғыдан 12,3 пайызға қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Түркістан облысында байқалды – 50,1 пайыз. Сондай-ақ, Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.

Кеңсе тауарларының бағасы Жамбыл облысында қатты көтерілген жоқ. Дегенмен, 1,2 пайызға өсім тіркеліп отыр.

Мысалы, сурет дәптері былтырдан бері – 14,1, шарикті қалам – 13,2, түрлі-түсті қалам жинағы – 12,1, дәптер – 12, А4 қағазы – 10,6 пайызға қымбаттады.


Соңғы жаңалықтар