Кеңседегі фитнес: тиімді әрі ыңғайлы

Ал өзімізге өте аз уақыт бөлген соң, денсаулық пен сымбат та сетіней береді. Ал таңғы сағат 8-ден бастап 10 сағат бойы кеңседе отыру арқылы біз денсаулықты мүлде құртып жатқанымызды сезе бермейміз. Арқамыздың бүкірейіп бара жатқаны да содан. Біздің көзіміз бен иығымыз, мойнымыз бен аяғымыз және басқа да дене мүшелеріміз үшін қозғалыс ауадай қажет. Ал кеңседе дене қозғалысын қалай жасауға болады.
Кеңседе жаттығу жасау үлгілері
Жұмыс бөлмеңізден шықпай-ақ, денсаулықты сақтап, сымбатты арттыруға болады. Назарларыңызға ең пайдалы әрі ең қарапайым жаттығуларды ұсынамыз. Сіз бұл қимылдарды жұмыс орныңыздан алшақтамай тұрып орындай аласыз:
- бұл жаттығу әйелдер қауымына қатты ұнауы мүмкін. Себебі, ол белге арналған жаттығу. Кеңседегі орындықтың бір орында шыр айналатын қасиетін пайдаланыңыз. Үстіңгі тақтайдың шетінен ұстаңыз да, орындықтан тұрмай, екі аяғыңызды қысып, сәл бүккен күйде еденнен көтеріңіз. Денеңізді төменші бөлігін алдымен оңға, кейін сол жаққа бұрыңыз, Жаттығу кезінде басыңыз бен иығыңыздың қозғалмауын қадағалаңыз. Алдымен бұл қимылды 30 рет қайталаңыз. Мұндай жаттығу сіздің денеңіздің сымбатты әрі тік болуына көмектеседі. Себебі, иық пен жамбастағы бұлшық еттерді шынықтыру осыған әкеледі. Оның үстіне, сіздің әріптестеріңізді де біраз көңілдендіріп жібермек.
- одан бөлек, бұл жаттығу қолдағы бұлшық еттерді, әсіресе, үш басты бұлшық етті жаттықтырады. Үстелде отырып, сәл артқа шегініңіз де, шынтақ тірегішке қолды тіреп, жамбасыңызды сәл көтеріңіз. Қолды бүгіп, отжимание жасаңыз. 15 рет жасаған соң, сәл демалыңыз. Үш реттен қайталаңыз.
- іште артық майдың болмауын әркім армандайды. Тіпті, жаттығу залында сағаттап тер төгу арқылы да майды кетіре алмайтындар бар. Ол үшін бұлшық етті жақсылап жаттықтыру керек. Кеңседе ішке жаттығу жасау әдісі өте танымал болып келеді. Ал оны орындау өте оңай. Орындықта отырыңыз да, отырғышпен қолыңызды тіреңіз. Тізеңізді бүгіп, жаттығу жасауға кірісіңіз. 20 рет қайталаңыз. Егер бұл жаттығуды күніне төрт рет қайталайтын болсаңыз, пайдасы болады.
- бұл жаттығу шымыр болуға, сондай-ақ, санды шынықтыруға көмектеседі. Орындықта отырған кезде, алақаныңызбен отырғышты тіреңіз. Алақандарыңыз саныңыздың ортасында тұруы қажет. Тізеңізді созып, аяғыңыздағы бұлшық еттерге күш түсіре отырып жаттығу жасаңыз. Созылған тізеңізді 4-5 минут бойы ұстап отырыңыз да, кейін аяқтарыңызды қосыңыз, Жаттығуды 15-20 рет қайталаңыз.
Аталған дене жаттығуының көмегімен сіз саныңыздың ішкі жағын қатайта түсесіз. Ол үшін жұдырығыңызды түйіп, екі саныңыздың арасына қойыңыз. Қолыңызды жан-жаққа жіберуге тырысыңыз. Алайда, қолдарыңыз бір бірімен қабыспауы керек. Ал тізеңізді бұлшық етке күш түсіре отырып, тізеңізді төмен түсіріңіз. Бұл жаттығуды 10-15 рет қайталаңыз. Ал саныңыздың алдыңғы жағындағы бұлшық етті шынықтыру үшін кезек-кезегімен оң, кейін сол аяғыңызды созыңыз. Аяқтарыңыз еденге пареллель болуы тиіс.
Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, бұл өте қарапайым жаттығулар. Оларды кеңседе орындау түк те қиын емес. Егер жігеріңіз бен ынтаңыз, шешімталдығыңыз болса, жүйелі түрде бұл жаттығуларды орындап, өз сымбатыңызды жақсарта түсесіз. Әріптестеріңізді де фитнеспен шұғылдануға шақырыңыз. Осылайша, сіз кеңседегі бір бірінен аумайтын күндеріңізді түрлендіре аласыз, сондай-ақ, денеңіз шынығып, көңіл күйіңіз көтеріңкі болады.