Кеңсеге кіріп келген жабайы тауарыстан жұрттың үрейін ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиядағы Итапесерика-да-Серра қаласында жабайы тауарыстан (пума) осында орналасқан компаниялардың бірінің кеңсесіне адасып кіріп кеткен.
Күтпеген қонақтың түрінен де, ырылдаған даусынан да қатты үрейленген қызметкерлер қашан құтқарушылар келгенше ғимараттағы бір бөлмеге тығылып отырған. Қызып жатқан компанияның жұмысы бірнеше сағатқа тоқтап қалды.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер мен ветеринарларға тауарыстанын ұйықтатып тастаудың сәті түсті. Соңынан олар жыртқышты жабайы аңдарды ұстайтын орталықтардың біріне жеткізді.
Алдын ала деректерге қарағанда, пума ормандағы өрттен қашқан болуы ықтимал.