13:35, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Кеңсеге шабуыл жасап, 17 млн. теңгеге шығын келтірген қылмыскер 2 жылдан соң ұсталды
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағандылық жедел қызметкерлер жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Қарағанды қаласындағы коммерциялық ұйымдардың біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2 жыл іздеуде жүрген 27 жастағы қылмыскерді ұстады.

Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында министрдің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның айтуынша, 2010 жылғы 19 наурызда 25 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын бір топ адаммен бірігіп жарақат келтіретін қару қолдану арқылы фирманың кеңсесіне қарақшылық жасаған. Сөйтіп, сейфтен 9 млн.теңге ақшалай қаражатты, 5 млн. теңге көлемінде зергерлік бұйымдарды ашық тонаған. Сонымен қатар қарақшылар «Ниссан Армада» автокөлігін де айдап әкеткен.
«Жалпы көлемі 17 млн.теңгеге шығын әкелді. Ұсталған уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде», - дейді баспасөз хатшысы.