Кеншілер мен металлургтер Мәжілісте кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеншілер мен металлургтер Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді қолдайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Қазпрофметалл» кен-металлургия салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Нұралин мәлім етті.

Кеншілер мен металлургтер Мәжілісте кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қолдайды

«Біз Қазақстанның кеншілері мен металлургтері, тау-кен метталлургиялық саланың жұмысшылары ретінде Елбасының бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешімін толықтай қолдаймыз. Бірінші кезекте, жаңа Парламент еліміздің индустриалды дамуы, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға қатысты заңдарды қабылдауы керек»,-деп ойын білдірді ол.

Асылбек Нұралиннің сөзіне қарағанда, алдағы көктемдегі сайлау саяси партиялар үшін өздерінің мүмкіндіктерін көрсетуге жақсы мүмкіндік болып табылады.

Сонымен қатар ол Парламент Мәжілісіне жаңа партиялар келуі мүмкін екенін сөз етті.