Кеніштегі апат: Ойық түбіндегі тастарды гидравликалық балғасы бар экскаватор ұсақтап жатыр

Майқайың
Фото: Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы ойықта гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен көлемі аса үлкен емес тастар ұсақталуда.

Бұған қоса шағын экскаватор мезгіл сайын жолдарды аршып, жүріп-тұруға ыңғайлы етуде. Ал құтқарушылардың көмегімен кейбір аса ірі емес тастар орнынан алынуда.

«Кеше ойық түбіндегі экскаваторлар жалпы көлемі 45 текше метр топырақты қазып шығарды. Гидравликалық балғасы бар экскватор шағын көлемді тастың 60 пайызын ұсақтады. Тасты уату жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылар электрлі пневмо құралдарын пайдаланып, кей тастарды қолмен аршуда. Ойық шетіндегі топырақ әлі де құлап жатыр» деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия нәтижелерін жариялады.

Майқайың
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram