Кентау қаласының әкімі ауыл тұрғындарының ұсыныс, пікілерін тыңдады
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов 7 мыңға жуық тұрғыны бар Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Қала басшысы ауылдағы шешімді қажет ететін мәселелермен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыдан бір жыл бұрын Түркістан қаласына қараған 12 ауылдық округ, ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығымен аталмыш ауылдар Кентау қаласына берілген болатын. Содан бері, қалаға қарасты 4 ауылдың саны артып, 16-ға жетті. Әр ауылдың әлеуметін назардан тыс қалдырмайтын қала әкімі Дәурен Мақажанов ауылдағы бірқатар кемшіліктерді назарға алып, оның шешу жолдарын қысқа мерзімде қарастыруды тапсырды.




