Кентау трансформатор зауыты жанында екі шағын цех ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау трансформатор зауыты жанын екі бірдей шағын цех ашылып, іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Кентау трансформатор зауытын бүкіл ел біледі. Өндірістік қуаты жоғары кәсіпорын күні кеше «Алтын сапа» отандық тауар өндірушілер байқауында жүлдегерлер қатарынан табылды. Қуаныш еселеніп отыр.

Зауыт жанынан тағы екі бірдей шағын цех іске қосылды. Қаладағы индустриалды аймақ ажарын ашқан «Электродеталь» және «Электроприбор» кәсіпорындарының жұмысымен жергілікті БАҚ өкілдері танысты. Трансформаторға керекті қосалқы бөлшектерді шығаратын шағын цехта 50-ге жуық жан жұмыс істейді.

Бұған дейін зауытқа қажетті детальдар шетел асып келетін. Сырттан тасымалдауға кеткен шығын да қалтаға салмақ түсіретін. Импортқа деген тәуелділікті түбегейлі жойған бұл жоба отандық тауар өндірушіге қол келді. «Ұлы дала елі» бренді. Бұл - трансформатор зауытына күні кеше ғана Арқа төсі Астанада өткен сапа байқауынан берілген номинация. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған конкурста кәсіпорын көп ішінен суырылып алға шықты. Үздік атанды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай зауытта еңбек еткен әрбір жұмысшыға тарту жасалды. 25 мың теңге қаржы мен бір қап ұннан үлестірілді.   Ал, ұжымдағы көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен 80 шаңыраққа әлеуметтік қолдау көрсетілді. 1200-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт таяуда 80 мегаватты трансформатор жасап шығарды. Басшылық бұл жемісті еңбекті ел егемендігінің 25 жылдығына жасаған тартуымыз, - деп бағалайды. Дамуы - жедел, келешегі - кемел кәсіпорынның жоспары көп.

Соңғы жаңалықтар