Кентауда бетон зауыты іске қосылды
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон» ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді. Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-сорғы көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркиядан әкелінген. Серіктестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр.