Кентауда фаст-фудтан уланғандар саны 100-ге жетті

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Кентауда фаст-фудтан уланғандар саны 100-ге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтан уланғандар саны 100-ге жетті. Олардың арасында14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Қазіргі кезде аталған жағдай негізінде Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні Кентау қалалық орталық ауруханасында стационарлық ем қабылдаған 67 науқас үйлеріне жіберілді. Дегенмен, баршасы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.

Ал астан уланған 25 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ Түркістан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 8 тұрғын жатқызылған.

Айта кетейік, Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтанған 92 адам уланып қалған еді. Олардың арасында 14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Аталған жағдай бойынша Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

1 шілде күні 17 тұрғын ауруханадан шықты.

Бүгін мәлім болғандай, дәмхананың қызметкерлерінен сальмонеллез бен стафилококк қоздырғыштары анықталды.


Соңғы жаңалықтар