Кентауда қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Қаржыгерлер күнімен құттықтады. Осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан бірқатар қаржыгерлерді марапаттап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы қаржы саласы қызметкерлерінің ел экономикасын дамыту мен нығайтуда маңызды рөл атқаратып жатқандығын атап өтті.

«Бүгінгі күні қаржы саласында жауапкершілігімен ерекшеленетін, бюджет және салық заңнамаларын жақсы білетін жоғары кәсіби қызметкерлер жұмыс істейді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз қаланың дамуына бағытталған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді», - деді қала әкімі. Айта кетейік, 1997 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – Ұлттық валюта күнін елдің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram