Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр

Оқиға бүгін түнгі сағат 00:20 шамасында болды. Ататүрік көшесіндегі 5 қабаттың үйдің 300 шаршы метр шатыры түгелімен жанып кетті. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйден 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарушылар келгенше 120-ға жуық адам көшеге өз бетімен шығып үлгерген.

Өрт толығымен сөндірілді.

«Зардап шеккендер және қаза болғандар жоқ», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар