Кентауда құбыр жарылып, бірнеше көше сусыз қалды

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Кентау қаласының Яссауи даңғылы бойындағы 500Q д/м құбыр жарылып, 3 шағын аудан мен 7 көшеде су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентауда құбыр жарылып, бірнеше көше сусыз қалды

Кентау қалалық әкімдігінің мәліметінше, қазір «Балабүргем», «Шұғыла», «Жұлдыз» шағын аудандары мен Т. Айбергенов, Сельский, Металлург, Б. Майлин, Әл-Фараби, Ш. Құдайбергенов, Яссауи көшелерінде су ажыратылған. Ал, құбыр жарылған көшенің ортасы қазылып, жөндеу жұмыстарын жүріп жатыр.

«Жедел атқарылып жатқан жұмыстар барысын қадағалаған қала әкімі ақауды мүмкіндігінше жылдам ретке келтіріп, тұрғындарға су беру жағын тездетуді тапсырды. Жұмыс барысы толықтай аяқталғанша, қала тұрғындарынан сабырлық танытып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз» делінген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетсек, жуырда Кентау қаласына алғаш рет газ берілген еді.