Кентауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аталған жайттарды полиция қызметкерлері СДТБТ-ға «Мал ұрлығы» бабы бойынша тіркеді, екі жағдайда келтірілген шығын шамамен екі миллион теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Кентау ҚПБ-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып, 4 күдіктіні ұстады. Олар Түркістан және Кентау қалаларының тұрғындары болып шықты. Күдіктінің біреуі бұрын мал ұрлағаны үшін сотты болған. Белгілі болғандай, жас жігіттер көбінесе қараусыз қалдырылған малдарды жайылымнан немесе шаруашылық аулаларынан ұрлап кеті потырған. Содан кейін ұрылар, ұрланған малды «Газель» автокөлігіне тиеп, қылмыс орнынан жасырынып отырған.
Ұрланған малдарды Төлеби ауданы аумағында сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.Бүгінгі таңда тергеу күдіктілердің мал ұрлығының 5 жайтына қатысы бар екенін анықтады, олардың 4-еуі 2019 жылы жасалса, 1 дерек 2021 орын алған. Жалпы күдіктілер ауыл тұрғындарынан 16 бас ірі қара мен 1 жылқыны жымқырған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 6 миллион теңгеден асты. Полиция ұрланған жылқыны тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарып берді. Тергеу жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы және күдіктілердің басқа да осыған ұқсас мал ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталуда.