Кентауда студенттердің салтанатты кеші өтті

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында Қазақ-Неміс политехникалық колледж жастарына студенттік билет тапсыру кеші өтті. Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Самат Расұл мен «Кентау трансформатор» АҚ төрағасы Хайрулла Қожабеков, студенттер мен олардың ата-аналары және ұстаздар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты кеште қала әкімінің орынбасары Самат Расұл колледж табалдырығын аттағалы отырған студенттерді айтулы мерекемен құттықтап, белсенді тәлімгерлерге салтанатты түрде студенттік билеттерін табыс етті. Сондай-ақ «Кентау трансформатор» АК төрағасы Хайрулла Қожабеков Қазақстандағы бірегей оқу орындарының бірі болып саналатын колледждің білім сапасына тоқталып, үздік түлектерін мерекемен құттықтады. Жастарға республикалық WorldSkiils конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтарды табыстады. Шараның жалғасы колледж мұғалімдерін әзірлеген музыкалық ән кешімен жалғасты.
Соңғы жаңалықтар
telegram