Кентауда тұрғын үйде болған өрттен 17 адам құтқарылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кентау қаласындағы көп қабатты үйде пәтер өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт 36,5 шаршы метрді шарпыған. Оны сөндіруге 6 адам және екі техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 20 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 17 адам құтқарылды», - делінген хабарламада.
Дәрігерлер оларға қажетті көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері тексеріліп, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.