Кентаудағы көпқабатты үйлер табиғи газға ауыстырылады
Жалпы, қалада су тазарту станциясындағы су тазартқышқа небәрі 3000 - 6000 куб аралықта су жиналады. Тұтынушылар санының артуына байланысты бұрыңғы су жинағыш резервуардан бөлек, 10 000 кубқа дейін су жинайтын жаңа су жинағыш резервуарын салуды және «Ақ бұлақ» бағдарламасына енбей қалған жеке сектордағы үйлерді ауызсуға қосу қажеттілігі туындаған. Бұл мақсатта арнайы құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға дайындалуда. Жұмыстар жүзеге асқан кезде қала тұрғындары толыққанды жаңа су құбыры арқылы ауызсумен қамтылатын болады.
Сапар барысында өңір басшысы «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС күн электрстанциясы құрылысының жұмысымен танысты. Шаһарда жүзеге асып жатқан тың жобаларға қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге, Өмірзақ Шөкеев Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Абаттандыру аясында аулаларда ойын алаңшалары жаңартылып, спорт алаңдары салынып жатыр.
Облыс әкімі сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар» саябағында болды.
Шаһарды тұрғындар үшін жайлы қалаға айналдыруға бағытталған бастамаларға оң баға берді. Бұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі «Кентау Трансформатор зауытына» барды. Зауыт басшылығы бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-робот жұмысымен таныстырды. Робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін жоғарылатуға арналған.