Кентаулық оқушының Құлсарыға жіберген қаржысы аудандық музейге қойылды

қайырымдылық
Фото: Жылыой ауданы әкімдігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Кентаулық оқушы қыздың ақша салынған құтысы Құлсары қаласындағы музейге қойылды.

Жылыой ауданы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, кентаулық оқушы Гаухар Шаймерденнің ақша салған құтысы гуманитарлық көмекпен бірге жеткізілген. 

«Түркістан облысындағы Кентау қаласының кішкентай тұрғыны Гаухар Шаймерден ақша жинап жүрген құтысын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына жіберді. Ол бұл құтыға 1 жыл бойы ақша жинаған. Теледидардан тасқын су басқан Ққлсары көріп, бар жинағын құлсарылықтарға жіберуге шешім қабылдаған. Бұл — кішкентай қазақстандықтардың отаншылдық сезімінің символы» деп хабарлады аудандық әкімдіктен. 

қайырымдылық
Фото: Жылыой ауданы әкімдігі

Құлсары қаласының тұрғындары Гаухар Шаймерденнің қаржысын жұмсамауды ұйғарған.

Оның ақша салынған құтысы аудандық «Атамұра» музейіне қойылды. 

Онымен бірге тағы бір балақай — Жігер Жамбылдың аманаты да аталған музейде сақталады. 

Еске сала кетейік, 11 жасар кентаулық қыз жыл бойы жинаған қаражатын Құлсарыға көмек ретінде берген болатын. 

Кейіннен Гаухар Шаймерден «Біз біргеміз» телемарафонына қатысты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram