Кенжекөл ауылы маңында ұзындығы 700 метр екінші бөгет салынып жатыр - Пввлодар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында ұзындығы 700 метр болатын екінші су бөгеті салынып жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Кенжекөл ауылы маңында ұзындығы 700 метр екінші бөгет салынып жатыр - Пввлодар

Бүгін Павлодар қалалық мәслихаттың депутаттары Кенжекөл ауылына барып, тасқын судың алдын алу жұмыстарымен танысты. Кенжекөл ауылының әкімі Асылхан Манкеевтің сөзінше, су тасқынының алдын алу үшін жедел мобильді топ құрылған. - Арнайы топтың кезекшілік телефондары тәулік бойы жұмыс істейді. Қандай да бір төтенше жағдай туралы хабар түссе, бірден іске кірісеміз. Жедел топ құрамына 12 адам және жеті техника жұмылдырылған. Оның екеуі қар шығаруға және екеуі жайылған суды соруға арналған көліктер. Қар шығару жұмыстары ақпан айының аяғында басталды. Қазіргі күнге дейін ауыл ішінен 35 текше метр қар және 645 текше метр су шығарылып, арнайы орынға төгілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да біздің жағдайды тұрақты бақылап отыр, - дейді Асылхан Манкеев.

Айта кетейік, бұған дейін ауыл маңына ұзындығы 1,2 шақырым, биіктігі 2 метр болатын бір дамба салынған болатын. Қазіргі таңда ұзындығы 700 метрлік тағы бір су бөгетінің жұмысы жүріп жатыр. Алдағы бір-екі күннің ішінде оны аяқтау жоспарланған.