Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қандай қызметтерді алуға болады
«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында әлеуметтік-экономикалық және психологиялық-әлеуметтік жағдайларға байланысты адамның денсаулығына айтарлықтай қауіп төнген жағдайда медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық кеңес беру, психоактивті заттарға медициналық куәландырудан өту және медициналық-әлеуметтік сараптама үшін құжаттар тегін беріледі», - деді Алина Әлбекова онлайн дәріс барысында.
Оның айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін консультативті-диагностикалық қызмет түрлері көп.
«Көбі барлық медициналық талдау жұмысы МӘМС-ке кіргізілгенін айтады. Шын мәнінде, олай емес. МӘМС жүйесі енгізілгеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін консультативті-диагностикалық қызмет түрлері көп. Зертханалық зерттеу жұмыстарының, диагностикалық зерттеулердің басым бөлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүзеге асырылады. Мысал ретінде қанның биохимиялық талдауын айтуға болады. Бұл талдау арқылы бауыр, бүйрек, ұйқы безі, өт қабының қалай жұмыс істеп тұрғанын анықтап, қандай микроэлементтерді қажет ететінін анықтауға болады», - дейді маман.
Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында флюорография, спирография сияқты зерттеу әдістерін қоладнуға болады.