Кепілдендірілген тегін медициналық көмек үшін ақша талап етілген, не оны беруден бас тартылған жағдайда сенім телефонына хабарласуға болады

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кепілдендірілген тегін медициналық көмек үшін ақша талап етілген немесе оны беруден бас тартылған жағдайда сенім телефондарына хабарласуды сұрады.
None
None

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы аумағындағы денсаулық сақтау мекемелерінде мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің қол жетімділігін тексеру мақсатында жоспарлы кешенді жұмыстарды бастайды», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Министрлік өкілдері, мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмек үшін ақша талап етілген немесе оны көрсетуден бас тартылған жағдайларда науқастарды облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Денсаулық сақтау басқармалары жанында құрылған сенім телефондарына, не болмаса Денсаулық сақтау министрлігінің 8 (7172) 73-13-69 нөміріне хабарласуды сұрады. Сондай-ақ өтініштер мен шағымдарды gobmp@mz.gov.kz сайтына жазуға болады.

Соңғы жаңалықтар