Кептелістегі 105 сағат: Ыстанбұл көлік кептелісі бойынша әлемдік рейтингте көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Осыған орай қала билігі жол жүру ақысын енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Кептелістегі 105 сағат: Стамбул жол кептелісінің әлемдік рейтингінде көш бастады
Фото: www.turkhabergazetesi.com

INRIX аналитикалық компаниясының 2024 жылға арналған мәліметінше, Түркияның ең үлкен қаласындағы жүргізушілер кептелісте жылына орта есеппен 105 сағат жұмсайды. Бұл мегаполисті антирейтингте Нью-Йорк пен Лондон сияқты қалаларға қарағанда жоғары қойып отыр.

Ыстанбұл билігі мәселеге жауап ретінде көлік қозғалысын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін жаңа шаралар енгізуді қарастыру үстінде. Негізгі бастамалардың бірі – көлік қозғалысының тығыздығы жоғары аймақтарда ақы төлеуді енгізу. Тар көшелерімен және тығыз көлік қозғалысымен танымал Эминоню мен Кадыкейдің тарихи және туристерге қолайлы аудандары бұл шара үшін пилоттық жобаларына айналуы мүмкін.

Сонымен қатар, шығарындылардың көлемі төмен аймақтарды құру талқыланып жатыр. Бұл экологиялық жоба ауаның ластануын азайтуды және ауаға шығарындылары жоғары көліктерге қосымша төлем енгізуді көздейді.

Екі бастама көлік кептелісін азайтып қана қоймай, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады деп шамаланып отыр.

Айта кетейік, Түркияда ең төменгі зейнетақы 15,75 пайызға өсті.

 

Соңғы жаңалықтар