Кептірілген 6 кг марихуана: Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған

None
Фото: ПД баспасөз қызметі
Есіл ауданының Интернациональное ауылында 50 жастағы тұрғынның үйінде ірі көлемде есірткі заты табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысты ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс республикалық «Қарасора 2023» және «Канал-тосқауыл» жедел алдын алу шаралары барысында анықталған.

«50 жастағы ер адамның шаруашылық ғимаратын тексеру кезінде өсімдік тектес есірткі заты табылды. Сараптама қорытындысы бойынша табылған зат 6 кг кептірілген марихуана болып шықты. Сонымен бірге, 175 бұта қарасора табылды», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, ер адам құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өз бетінше өсірген. Тәркіленген өнім оның «егісінің» бір бөлігі ғана. Қазіргі уақытта бұл мәлімет тексеріліп жатыр.

«Табылған есірткі заттарына байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында балаларды шаңғы спортына баулыған жаттықтырушы есірткімен ұсталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар