КЕРЕК КЕҢЕС: Бала ата-анасынан нені үйренгісі келеді?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейбір ата-ана бала оқу жасына жеткенде мектепке берсе болды, барлығын мұғалім үйретеді деп ойлайды. Шындығында, кейбір әдетті тек, ата-ана ғана балаға үйрете алады. Соның бірнешеуін тілге тиек етсек, деп жазады namys.kz.

КЕРЕК КЕҢЕС: Бала ата-анасынан нені үйренгісі келеді?
  • Балада кітап оқуға деген қызығушылықты жетілдіру. Кітап оқуды жақсы көретін ата-ана және кітап көп болған отбасында ержеткен баланың кітап оқуға деген қызғушылығы басқа балаларға қарағанда күшті болады. Бұл қызығушылықты жетілдіруде, сөзсіз, ата-ана үлгі болуы керек. Бала қызығатын суретті кітапты онымен бірге көру баланың сол түрдегі кітапты көруге деген қызығушылығын оятады.
  • Балаға мейірімге толы болған тұрмыс ортасын жасап беру керек. отбасының тыныш та, ынтымақты болуы баланың өсіп-жетілуіне ерекше әсер етеді. Ақаусыз болған отбасы ортасы мен отбасы тәрбиесі баланың жақсы тұрмыс әдеті мен әдебін жетілдіруде зор рөл атқарады.
  • Балаға сәтсіздікке төтеп беруді үйрету. Бала үйрену және тұрмыстағы шынайы жағдайларға (басымдылықтарға) төтеп бере алатын болғанда ғана ата-ананың алаңдауы азаяды. Жеңілгенде жасымауды да ата-ана үйретеді. Жеңілісті қабылдай білген балалардың өз жолын дұрыс таңдауға мүмкіндігі мол.
  • Ұсақ тұрмыс істерін басқару қабілетін жетілдіру. Ата-ананың тұрмыс әдеті балалардың сол түрдегі тұрмыс әдетін қалыптастыруда түрткілік рөл атқарады. Ата-анасының қимылы жеңіл, шапшаң болса көбінесе бала да сол артықшылықтарды қабылдайды.
  • Қауіпсіздік тәрбиесін көңіл бөлу. Ата-аналар әдетте отбасында балаға қауіпсіздік тәрбиесін босаңсытпауы керек. Әсіресе, көлікке отырғанда мұқият болуды қайта-қайта қадағалап отыру ләзім.
  • Баланың қарсыласу мезгіліндегі тәрбиеге немқұрайды қарамау керек. Бала төртінші, бесінші сыныпқа шыққанда өзімбілемдікке салынып біраз тіл алмайтын жағдайлар кездеседі. Бұл кезеңде баланың мінезін қадағалай байқап, бірмойындығына жол бермеу керек.