«Керейт ата ұрпақтары» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Өнер» баспасынан «Керейт ата ұрпақтары» деп аталатын көп томдық жинақтың 1-томы жарық көрді.
None
None

Оны құрастырып, жазып, баспаға әзірлегендер - Тұрмағамбет Асанов пен Құрманжан Ашанұлы. Алғысөзін жазған Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы, тарих ғылымының докторы Мәмбет Қойгелді.

Бұл туынды 5 тараудан тұрады. «Керейт руының тарихы және тарихи тұлғалары», «Ел ағалары», «Ғылым, әдебиет, өнер», «Оқу-ағарту, медицина», «Кейінгі толқын інілер» деп аталатын бұл энциклопедиялық еңбекте Тұғырыл ханнан біздің қазіргі заманымызға дейінгі керейт ұрпақтары қамтылған», - дейді Қ. Ашанұлы. Оның айтуынша, қазір бұрын тегі белгісіз болып келген керейт руының бірқатар әйгілі адамдары табылып жатыр. Олардың қатарында маршал Язов пен Ермак сияқты тұлғалар бар. Сондықтан қазіргі таңда энциклопедияны құрастырушылар көптомдықтың 2-томын әзірлеуге кірісті.

Соңғы жаңалықтар