Керіктерге жер бетінен жойылып кету қаупі төніп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Керіктерге жер бетінен жойылып кету қаупі төніп тұр. Халықаралық табиғатты қорғау одағы осылай деп дабыл қағып отыр, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Соңғы 30 жылда әлемде бұл жануарлардың саны 40%-ға қысқарған. Мамандар «оның басты себебі - сұғанақ аңшылық пен ауыл шаруашылықтың дамуы» дейді.

Сондай-ақ керіктер санының күрт азаюына Африка құрлығындағы қақтығыстар да өз кесірін тигізген. Осы ретте керіктердің Қызыл кітаптағы мәртебесі де өзгертілді.

Соңғы жаңалықтар